Семейдегі өзенге көліктің құлауы: бір адам жүзіп шыққан, біреуі өлі күйінде табылды, екеуі іздестірілуде

Семейдегі өзенге көліктің құлауы: бір адам жүзіп шыққан, біреуі өлі күйінде табылды, екеуі іздестірілуде, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2025 14:31 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ құтқарушылары Семейде жолаушыларымен бірге суға құлап кеткен көлікті іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметінше, таңғы сағат 06:00-де Семей қаласында, Ертіс өзенінің жанындағы Бейбітшілік аралында жеңіл автокөлікпен жүргізуші бетон қоршаумен соқтығысып, өзенге құлап кетті.

"Апат кезінде салонда 4 адам болған. Жолаушылардың бірі көліктен өздігінен шығып, жағаға жүзіп шықты. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ",- деп нақтылады ведомство.

Оқиға туралы хабарлама келіп түскеннен кейін бірден оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері барып, іздестіру-құтқару жұмыстарын бастап кетті. Сағат 09:00-де іздеу тобы бір қайтыс болған адамның денесін тауып, судан алып шықты.

Қазіргі уақытта құтқару операциясына жұмылдырылды:

  • 55 құтқарушы,
  • 5 жүзу құралы,
  • 2 ұшқышсыз ұшу аппараты,
  • су асты іздеуге арналған эхолот,
  • 10 техника.
"Операцияны күшейту үшін қосымша Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімнен ҚР ТЖМ әскери қызметшілері тартылды, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысынан құтқару бөлімшелерінің келуі күтілуде. ТЖМ қызметтері іздестіру-құтқару жұмыстарын тиімді аяқтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдай отырып, оқиға орнында жұмысын жалғастыруда",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Абай облысында өзенге автокөліктің құлап кеткендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: