Атыраулық емші кішкентай қыздың ішіне кіріп кеткен "жынды шығарды": полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда

Полиция, погоны, полицейский, сотрудник полиция, уголовное дело, заявление в полицию , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2025 12:30 Фото: polisia.kz
Желіде Атыраулық молданың тоғыз жасар қыздың ішіне кіріп кеткен "жынды шығарған" бейнесі таралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халық арасында танымалдылыққа ие болған емші өзінің "жұмыс барысын" бейнетаспаға түсіріп, желіге жүктейді. 

Оқиғаға қатысты балалар омбудсмені Динара Закиева өзінің Facebook парақшасында пікір білдіріді.

"Емші кәмелетке толмаған балаға рәсім жасаған бейнежазбаға қатысты. Аталмыш іс бойынша ІІМ, өңірлік уәкілдермен жұмыс істеп жатырмыз. Емшінің жеке басы мен баланың тұрып жатқан жері алдын-ала анықталды",- деп жазды ол.

Сондай-ақ, Закиева ақпараттың тексеріліп, мән-жайы анықталуда екенін айтты.

Бұған дейін Семейде үш бірдей бүлдіршіннің пәтерде қамалып қалғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: