Ақтау маңында Каспий теңізіне кеме батқан болуы мүмкін - мамандар теңіз түбін тексерді

Теңіз түбі, Каспий, Ақтау, кеме бату, зерттеу, фейк, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2025 18:16 Сурет: unsplash
Маңғыстау облысының туризм басқармасы мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бірлесіп, батып кеткен деп болжанған кеменің координаттарын анықтау бойынша зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 8 желтоқсанда Google Maps картасында Ақтау маңында теңіз түбінен жұмбақ кеменің сұлбасы көрінгені хабарланды. Оның шамамен ұзындығы - 70 метр, ені - шамамен 15 метр.

Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, кеменің болжамды координаттары - 43° солтүстік ендік және 51° шығыс бойлық, бор жартастарынан 1,5 шақырым қашықтықта орналасқан.

"Y-150 тереңдікте қолданылатын сканері бар эхолоттың көмегімен құтқарушылар теңіз түбін зерттеді. Нәтижесінде суға батқан нысандар табылған жоқ. Зерттелген ауданның тереңдігі 9-10 метрді құрады". Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі

Зерттеу нәтижелері бойынша, ведомствода атап өткендей, апатқа ұшыраған кеме туралы болжам дұрыс емес деп танылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: