Алматыда күшті жер сілкінісі болуы мүмкін бе?

Бүгін, 4 желтоқсанда, сағат 12:45-те Алматыда жер сілкінісі болды. Оңтүстік астанада сезілген жерасты дүмпулерінен кейін қала тұрғындары мен қонақтары кеңселерден, ғимараттардан, сауда орталықтарынан жаппай сыртқа шығып, эвакуацияланды. Метрополитен де уақытша жұмысын тоқтатты.  Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым қашықтықта орналасқан. Дүмпулер тек Алматыда ғана емес, Қазақстанның ондаған елді мекенінде сезілді., сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2025 16:23 Сурет: ҚР ТЖМ
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы Алматыда күшті жер сілкінісі болу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғылыми орталықтың орынбасары Ерік Әліпұлы бүгін, 4 желтоқсан сағат 12:44-те Қытай аумағында жер сілкінісі болғанын еске салды.

"Қазіргі сейсмикалық жағдайды талдай отырып, 4 желтоқсан сағат 15:00 жағдайы бойынша Алматының болжамдық полигонында сейсмикалық жағдай тұрақты. Алматы аумағында МСК-64 шкаласы бойынша күшті жер сілкінісі күтілмейді", – деді спикер.

Бүгін, 4 желтоқсанда, сағат 12:45-те Алматыда жер сілкінісі болды. Оңтүстік астанада сезілген жерасты дүмпулерінен кейін қала тұрғындары мен қонақтары кеңселерден, ғимараттардан, сауда орталықтарынан жаппай сыртқа шығып, эвакуацияланды. Метрополитен де уақытша жұмысын тоқтатты.

Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым қашықтықта орналасқан. Дүмпулер тек Алматыда ғана емес, Қазақстанның ондаған елді мекенінде сезілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: