Мамандар су тасқыны қаупі жоғары өңірлердің атын атады

Су тасқыны, мамандар, қаупі жоғары, өңірлер , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2025 20:50 Сурет: primeminister.kz
Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметі 3 ақпанда 2025 жылғы көктемгі тасқын кезеңіне арналған алдын ала болжамды ұсынды. Онда тәуекелі жоғары аудандар тізімі берілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гидрометеорологиялық орталық бұл болжамның су тасқынының орын алу ықтималдылығы бойынша орташа күндерді есепке ала отырып, алдын-ала жасалғанын атап өтті.

"Болжамды деректер ағымдағы синоптикалық жағдайларға байланысты алда нақтыланатын болады... Өзендердің бетіндегі мұз еріп, сең жүре бастағанда апта сайын қысқа мерзімді гидрологиялық болжамдар ұсынылатын болады", – деп нақтылайды синоптиктер.

Абай облысы

Жоғары қауіп-қатер: Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар, Мақаншы аудандары, Семей қаласы.

Орташа қауіп-қатер: Абай, Жаңасемей, Курчатов аудандары.

Ақмола облысы

Болжамды алдын ала есептеулер нәтижелері Есіл, Қалқутан, Жабай, Сілеті өзендерінде, сондай-ақ Есіл өзенінің арнасы бойында орналасқан аудандарда судың деңгейінен асып кету қаупінің жоғары екендігін көрсетеді.

Жоғары қауіп-қатер: Целиноград, Аршалы, Атбасар, Астрахан, Зеренді аудандары.

Орташа қауіп-қатер: Бұланды, Жарқайың, Сандықтау, Ерейментау, Қорғалжын, Бурабай, Шортанды, Есіл, Жақсы аудандары, Көкшетау және Қосшы қалалары.

Шамалы қауіп-қатер: Ақкөл, Егіндікөл, Біржан сал және Степногорск аудандары.

Ақтөбе облысы

Болжамды алдын ала есептеулер нәтижелері Қобда ауданындағы Қобда және Қоғалы ауылдарының гидрологиялық бекеттерінде Тамды, Бестамақ, Ақтөбе және Елек өзендерінің гидрологиялық бекеттерінде және үлкен Қобда өзендерінің бойында судың деңгейлерінің асып кету қаупінің жоғары екендігін көрсетеді.

Хромтау, Алға, Мұғалжар, Ойыл, Темір және Мәртөк аудандарының аумақтары бойынша ағатын Ор, Темір, Ембі өзендері мен Елек өзенінің төменгі ағысы осы кезеңде су тасқыны белсенділігінің орташа қауіп-қатеріне ие. Көктемгі су тасқынының шамалы қаупіне мынадай өзендер жатады: Ырғыз, Шиелі, Қарғалы. Косістек, Ақтасты, Қарақобда, Көкпекті.

Алматы облысы

Алматы мен Алматы облысының гидрологиялық бекеттерінің көпшілігін көктемгі су тасқынынан өту қаупінің төмендігіне жатқызуға болады. Болған су тасқыны мен гидрометеорологиялық жағдайларды талдауға сүйене отырып, шартты түрде облысты келесі қауіп санаттарына бөлуге болады:

орташа қауіп-қатер: Балқаш, Талғар, Кеген, Жамбыл аудандары;

төмен қауіп-қатер: Алматы, Қонаев қалалары және Қарасай, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Іле, Раймбек аудандары.

Атырау облысы

Жалпы алғанда, болжамды деректерге сүйенсек, Атырау облысының аумағында орташа көпжылдық мәндерден асатын су ағынының өтуі күтіледі. Болжамды алдын ала есептеулер нәтижелері Жылылой (Ембі өзені) және Қызылқоға (Ойыл өзені, Сағыз өзені, Ноғайты өзені) аудандарында су тасқынының өту белсенділігінің жоғары қауіп-қатерін көрсетеді. Емба өзені - Аққызтоғай ауылы гидрологиялық бекеті бойынша көктемгі су тасқынының ең жоғары деңгейі нормадан 3-49 см жоғары және қауіпті белгілерге жақындайды деп күтуге болады.

Шығыс Қазақстан облысы

Жоғары қауіп-қатер: Зайсан, Тарбағатай, Күршім, Самара, Алтай, Ұлан, Глубокое аудандары.

Орташа қауіп-қатер: Катонқарағай, Үлкен Нарын, Марқакөл аудандары, Риддердің әкімшілік аумағы.

Жамбыл облысы

Гидрологиялық бекеттер бойынша болжамды алдын ала есептеулер нәтижелері Меркі, Жуалы және Талас аудандарында өзендердің су ағыны орташа қауіп-қатерді көрсетеді.

Жетісу облысы

Жоғары қауіп-қатер: Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Көксу аудандары.

Орташа қауіп-қатер: Панфилов, Сарқан аудандары.

Төмен қауіп-қатер: Талдықорған және Қаратал, Ақсу аудандары.

Батыс Қазақстан облысы

Жалпы алғанда, алынған болжамдық деректер, сондай-ақ болжамды алдын ала есептеулер нәтижелері БҚО аумағындағы Жайық салалары бойынша су деңгейінің көтерілуі жоғары және орташа деп көрсетіледі. Сонымен қатар, облыстың солтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде топырақ бетінде қалыңдығы 20 мм-ге дейінгі мұз қабаты байқалады.

Орал, сондай-ақ Тасқала, Казталов, Теректі, Бөрлі, Шыңғырлау, Сырым, Қаратөбе, Ақжайық аудандары мен Бәйтерек ауданы су тасқыны қаупі жоғары аудандарға жатады. Жаңақала және Жәнібек аудандары – орташа қауіп-қатердегісі. Бөкей ордасы ауданы – тәуекелі төмен.

Қостанай облысы

Көктемгі су тасқыны - 2024 кезіндегі көлдің еріген қар суларымен толықтып, ауа райының күрт өзгеруі жағдайында (қарқынды жылыну немесе айтарлықтай жауын-шашын) өзгеріске ұшыраған жер бедерінің 2025 жылғы көктемгі су тасқынына  айтарлықтай теріс әсер етуі мүмкін екенін ескеру қажет:

  • тәуекелі жоғары: Арқалық және Жангелдин, Амангелді, Наурызым, Қарасу, Әулиекөл, Сарыкөл, Ұзынкөл аудандары;
  • орташа тәуекел: Жітіқара, Қамысты, Федоров, Қостанай, Б. Майлин аудандары;
  • тәуекелі төмен: Қостанай, Лисаковск, Рудный және Денисов, Қамысты, Меңдіқара, Қарабалық аудандары.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінде, Төменарық темір жол станциясының гидрологиялық бекетінен төменде алғашқы мұз құбылыстары байқалды. Шиелі және Сырдария аудандарында, сондай-ақ Қызылордадағы Тасбөгет гидрологиялық бекетінде мұздың тұтастай қатуы тіркелді, мұздың қалыңдығы - 8-ден 20 см-ге дейін. Қармақшы ауданында П. Г. Т. Жосалы гидрологиялық бекетінде қаңтар айының басында жұқа мұз байқалды, кейін толықтай қатты. Қазалы ауданында Қазалы гидрологиялық бекетінде де мұздың жұқалығы тіркелді. Алайда, Қаратерең (Арал ауданы) гидрологиялық бекетінде мұз жамылғысының қалыптасуы ақырындап дамыды. Бұл Ақлақ су торабы мен Кіші Арал теңізінің осы учаскедегі Сырдария өзенінің термиялық режиміне әсеріне байланысты болды. Қазалы және Тасбөгет гидрологиялық бекеттеріндегі өзен бетінің еруі наурыз айының басы мен ортасына келеді. Жергілікті атқарушы органдар жүргізген бірлескен зерттеу нәтижелері бойынша 29 қауіпті учаске анықталды. Су тасқыны кезеңінде (кептелу және сеңнің жүру кезінде) су қауіпті деңгейге жеткенде елдімекендерді, жайылымдық жерлерді, тас жолдар мен инфрақұрылымды су басу қаупі бар:

  • жоғары тәуекел: Жалағаш ауданы.
  • орташа тәуекел: Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Қармақшы, Қазалы аудандары және Қызылорда.
  • ең төменгі тәуекел: Арал ауданы.

Қарағанды облысы

Болжамды алдын ала есептеулер нәтижелері Нұра, Шерубайнұр өзендерінде, сондай-ақ Нұра өзенінің арнасы бойында орналасқан аудандарда судың шекті деңгейден асып кетуінің жоғары тәуекелдерін көрсетеді:

  • жоғары тәуекел: Ақтоғай, Қарқаралы, Бұқар Жырау аудандары.
  • орташа тәуекел: Нұра, Осакаров аудандары.
  • ең төменгі тәуекел: Абай, Шет аудандары.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының аумағында су ағындарын құрайтын жер үсті су объектілері болмағандықтан су тасқынының қаупі аз. Су тасқыны жағдайы жауын-шашын түрінде мол (қатты) жауын-шашынның түсуі салдарынан туындауы мүмкін.

Павлодар облысы

20 қаңтарда Павлодар облысы бойынша Ертіс өзенінің гидрологиялық бекеттерінде мұз қату, сең шоғырлары мен шұңқырлар байқалады. Мұздың қалыңдығы - 38 см-ден 50 см-ге дейін.

Су тасқыны кезеңінде Шүлбі және Сілеті су қоймаларынан келіп түсуі ықтимал ағындар су деңгейінің шекті деңгейінен асуына ықпал ететін, елдімекендерді, жайылымдық жерлерді, тас жолдар мен инфрақұрылымды су басу қаупін туғызатын жоғары / төмен мұз кептелістерінің пайда болуына әкелуі мүмкін:

  • жоғары тәуекел: Баянауыл ауданы;
  • орташа тәуекел: Май, Ақкөл, Павлодар, Ақтоғай аудандары, Ақсу және іргелес ауылдық аймақ, Екібастұз және іргелес ауылдық аймақ;
  • төмен тәуекел: Шарбақты, Успен, Железин, Ертіс, Тереңкөл аудандары.

Ертіс өзенінің гидрологиялық режимі ШҚО және Абай облыстарының аумағында орналасқан өзеннің жоғарғы ағысындағы су қоймаларының каскадымен реттеледі. 

Солтүстік Қазақстан облысы

Болжамды алдын ала есептеулер нәтижелері су деңгейінің жоғары тәуекелдерін көрсетеді, әсіресе Сергеев су қоймасынан кейін орналасқан аудандарда.

  • жоғары тәуекел: Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Есіл, Қызылжар аудандары;
  • орташа тәуекел: Тайынша, Уәлиханов, Ақжар, Тимирязев, Айыртау аудандары;
  • төмен тәуекел: Мамлют, Жамбыл, М. Жұмабаев, Аққайың аудандары.

Түркістан облысы

Жоғары тәуекел: Арыс-Шәуілдер ауылы (Отырар ауданы).

Орташа тәуекел: Көкбұлақ өзені – Пістелиіауылы, Машат өзені – Кершетас ауылы, Арыс өзені - Жаскешу ауылы (Түлкібас ауданы). Келес өзені – Қазығұрт ауылы (Қазығұрт ауданы), Ақсу өзені – Көлкент ауылы (Сайрам ауданы), Шұбарсу өзені – Шұбар ауылы (Ордабасы ауданы), Келес өзені – сағасы (Келес ауданы), Шаян өзені – Ақбет өзенінің сағасынан 3,3 км төмен (Бәйдібек ауданы), Боралдай өзені-Боралдай ауылы (Бәйдібек ауданы), Қарашық өзені-Хантағы ауылы, Ашылған өзені-Майдантал ауылы (Сауран ауданы).

Төмен тәуекел: Жабағылысу өзені – Жабағылы ауылы (Түлкібас ауданы), Ақсу өзені – Сарқырама ауылы, Сайрам өзені – Тасарық ауылы, Болдыбірек өзені – мемлекеттік қорығының жанында (Төлеби ауданы), Бүгін өзені – Екпенді ауылы (Арыс ауданы), Қатта-Бүгін өзені – Жарықбас ауылы, Арыстанды өзені – Алғабас ауылы (Бәйдібек ауданы (Арыс ауданы), Бадам өзені – Қызылжар ауылы (Шымкент қаласы), Боралдай өзені – Васильевка ауылы (Жамбыл облысы, Жуалы ауданы).


"Ауа температурасы күрт көтерілген жағдайла және наурыз айында жауын-шашын көп түссе, онда тау өзен-көлдері арқылы қызыл судың жүру қаупі жоғары" деп қорытындылайды "Қазгиромет" РМК мамандары.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: