Алматы облысында жартылай қираған ғимаратта 170 бала ауыр жағдайда өмір сүріп жатыр

Мектеп-интернат, Алматы облысы, Динара Зәкиева, ауыр жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2025 12:57 Сурет: Facebook/Dinara Zakiyeva
ҚР Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Дианара Зәкиева Алматы облысында И. Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернатындағы балалардың сорақы жағдайы туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат омбудсменнің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Жазбада Зәкиеваның кеше Алматы облысында "Балалар қорғауда" қорының жетекшісі Жанна Ахметовамен бірге И. Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернатына барып, жағдаймен қаныққаны айтылған.

"Алты жастан асқан 170 бала интернатта ауыр жағдайда өмір сүріп жатыр. Үш жыл бұрын мекемеде күрделі жөндеу жұмыстары басталғанымен, мердігер оны аяқтамай, жосықсыз деп танылды. Соның салдарынан балалар жартылай қираған ғимаратта тұруға мәжбүр, оқу корпусында түнеп, спортзалда тамақтанады, ал санитарлық-гигиеналық нормалар бұзылып отыр. Бұл мәселені және облыстағы балалар қауіпсіздігіне қатысты тағы екі маңызды сұрақты Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесу барысында талқыладық", деп жазады Зәкиева Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, әкімдік жөндеу жұмыстарын аяқтау немесе жаңа интернат салу мәселесін қарастырған.

"Алайда балалардың қазіргі қиын жағдайында қалмауы үшін оларды жақында жөндеуден өткен және бос орындары бар басқа интернатқа көшіру туралы шешім қабылданды", - дейді ол.

Бұған дейін Атырауда көп балалы ана мектеп-интернатты балаларға қатыгездік көрсетеді деп айыптағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: