Еліміздің екі өңірінде бірнеше жол учаскесі жабылды

2025 жылғы 2 наурыз сағат 09:30-дағы жағдай бойынша екі облыстағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 206 арнайы техника мен 376 маман жұмылдырылды.
Ақтөбе облысы:
- "РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы" тас жолының 776-1240 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы - Қызылорда облысының шекарасы).
- "Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы" тас жолының 14-104 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ақтөбе қаласы - Қандыағаш қаласы);
Қызылорда облысы:
"РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы" тас жолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қаласы).
Жолды 2025 жылғы 2 наурызда сағат 13:00-де ашу жоспарланған.
Бұған дейін синоптиктер 2 наурызда кей өңірлерде қалың қар жауып, 22 градусқа дейін аяз болатынын ескерткен.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript