Шымбұлақта қар көшкініне түрткі туристер іздестіріліп жатыр

Шымбұлақ, Алматы, қар көшкіні, туристер, іздеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2025 17:54 Сурет: pexels
Қар көшкінінен кейін Шымбұлақ тау шаңғысы курортында екі жол жабылды, ал Комби-2 аспалы жолы тек жаяу жүргіншілерге ғана ашық. Оқиғаға түрткі болуы ықтимал туристер қазір іздестірілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Курорт әкімшілігі бұл жағдайға түсініктеме беріп, үш шаңғышы тыйым салу белгілері мен қоршауларды елемей, тордан өтіп, қауіпті учаскеге барғанын айтады. Соның салдарынан 10 наурызда Школьник тауында, Комби-2 аспалы жолында қар көшкіні болды. Курорттың қауіпсіздік қызметі оларды анықтап және іздеу жұмыстарын жүргізуде.

Бұған дейін 7 және 9 наурызда жауған мол жауын-шашынды ескере отырып, Шымбұлақта "Аваланчер" қондырғысын пайдалана отырып, бес жарылыс жасалған, сөйтіп қардың профилактикалық түсуі жүргізілген болатын.

"Жалпы алғанда, Конус, Школьник және Құрғақ сай учаскелерінде 7 мың текше метрге жуық қар түсті. 10 наурызда сағат 9:17-де қар көшкіні қауіпсіздігі жамылғының тұрақтылығын тексеруді аяқтады, содан кейін Комби-2 аспалы жолы ашылатыны белгілі болды. Жолдан тыс барлық учаскелер торлармен қоршалған, сондай-ақ "көшкін жүру қаупі бар", "жабық", "өткел жабық" деген секілді ескерту және тыйым салу белгілері орнатылған", - деді Шымбұлақ әкімшілігі.

Сағат 10: 02-де курорттың жедел басқару орталығының пультіне Школьник тауының жоғарғы жағында қар көшкіні жүргені туралы хабарлама түсті. Құтқару қызметі оқиға орнына дереу жетіп, учаскені зерттеді. Іздеу шаралары кезінде зардап шеккендер мен құрбандар табылмады.

"Курорттың барлық қызметтері жағдайды бақылау және қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жоғары дайындық деңгейіне келтірілді. Комби-2 және Талғардың сол жақ трассалары жабық, Комби-2 аспалы жолы тек жаяу жүргіншілерге ашық", - деп толықтырды әкімшіліктен.

Бұған дейін желіде Шымбұлақ тау шаңғысы курортында болған қар көшкінінің қорқынышты кадрлары пайда болған. Аспалы жолдағы оқиға куәгерлері жоғарыдан болып жатқан жағдайды видеоға түсірген. Осы сәтте тау беткейінде жүрген адамдарды көруге болады. Олардың көпшілігі қар көшкінінен аман-есен қашып үлгерді. Алматы қалалық ТЖД-да оқиға кезінде зардап шеккендер мен құрбан болғандар болмағанын айтты. Қар көшкіні 2025 жылдың 10 наурызында болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұған белгіленген трассадан шығып жүйткіген үш шаңғышы кінәлі көрінеді.

 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: