Алматыда 1500-ден астам әскери 150-ге жуық көшет отырғызды

Алматыда әскери оқу орнының жеке құрамы Тазару күнінде экологиялық акция өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz
ҚР Қорғаныс министрлігі ақпарына сүйенсек, 1500-ден астам әскери қызметші, курсанттар мен мерзімді қызмет сарбаздары көшет отырғызуға, институт аумағын және оған іргелес аймақтарды абаттандыруға қатысты.
Акцияны институт бастығы генерал-майор Нұртас Қабақов басқарды.
"Көгалдандыру – бұл қала экологиясы мен оның тұрғындарының болашағы. Біз үшін бұл бір реттік акция емес. Институттың әскери қызметшілері осындай іс-шараларға үнемі қатысып тұрады", – деп атап өтті ол.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Экологиялық акция аясында 150-ге жуық ағаш отырғызылып, аумақтарды ауқымды тазарту жұмыстары жүргізілді
"Біз қаланың орталық көшелерінің біріне көшет отырғыздық. Енді бірнеше жылдан кейін өсіп шығатын ағаштар қаланың келбетіне сәйкес келмек", – деді 2 курс курсанты Ерасыл Әскербеков.
Бұған дейін Алматыда "Тазару күні" 8 мың текше метр қоқыс жиналғандығы жайлы жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript