Қызылордада оқушы қызды секс құлдыққа жеккен тоғыз адам сотталды

Сотталушылар орындығында тоғыз адам отырды, оның ішінде кәмелетке толмағандар да бар.
Сотта адамдар тобына,оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты ҚР ҚК 194-бабы (ірі мөлшерде пайда табу мақсатында қорқытып алушылық), 110-бабы (көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты азаптау), 134-бабы (кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша қылмыстық іс қаралды.
"Сотталушылардың кінәсі оқиға орнын, заттар мен құжаттарды қарау хаттамаларымен, бейнежазбалармен, "WhatsApp" арқылы хат-хабарлармен, карточкалық шоттардың банктік үзінділерімен, сараптама нәтижелерімен, сондай-ақ жәбірленушінің жауабымен дәлелденген. Сот үкімімен кәмелетке толмағандар М.Н., А.Ж., Қ.Д.інәлі деп танылып, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша оларға 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар тағайындалды. Сотталушы Б.А.-ға 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы бекітілді. Сотталушылар Т.Ұ. және Қ.А. кінәлі деп танылып, оларға 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Сотталушылар Т.А., Б.А. және Т.Д.-ға қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша олардың әрқайсысына 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды",- делінген ақпаратта.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұрын хабарлағандай Zakon.kz. Қызылордада сыныптастары оқушы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, есірткі беріп, оны ұзақ уақыт бойы қорлаған.
2024 жылғы 4 қыркүйекте Қызылорда облысында осы жанжал аясында білім беру саласындағы бірқатар лауазымды тұлғалар жұмыстан босатылып, жазаланды.
2024 жылдың 19 қыркүйегінде ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха қызылордалық оқушы қыздың ісі бойынша 13 күдіктінің анықталғанын айтты.
2024 жылдың 11 қарашасында бұл іс бойынша алғашқы үкім шығарылды.