Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен кездесті

"Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына барған Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еуропа Одағы – Қазақстанның ірі сауда серіктесі әрі шетелдік инвесторы:
- шетелден тартылған тікелей инвестицияның 40%-дан астамы ЕО-ға тиесілі;
- 2024 жылы Қазақстан мен Еуропа Одағына мүше елдердің тауар айналымы 50 млрд долларға жуықтады (ЕО мен ОА арасындағы сауда көлемінің 80%-ы).
Президенттер:
- экономиканың түрлі секторларындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін қарастырды;
- өзара сенімге, стратегиялық мүддеге және ұзақмерзімді перспективаға негізделген Қазақстан мен Еуропалық Кеңес арасындағы серіктестікті қарқынды дамытудың маңызын атады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript