Ақтауда жартылай жалаңаш көше кезген ер адам тұрғындардың ашуын туғызды
Сурет: pixabay
Ақтаудағы көше бойында түн жарымында жартылай жалаңаш жүрген ер адамның видеосы желіде тарап кетті. Бейне қазнет қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кадрда — жартылай жалаңаш ер адам 15-шағынауданда жол бойымен әрең жүріп бара жатқан сәті түсірілген.
Lada.kz ақпаратына сүйенсек, бейне 8 сәуірге қараған түні түсірілген.
Өз кезегінде, Полиция департаменті бұл азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (қоғамдық орында мас күйінде жүру) және 615-бабы (жаяу жүргіншілердің жол жүру ережесін бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады.
Оған 7 АЕК — 27 524 теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
Бұған дейін Астана маңындағы балабақшаға бала таситын автобус апатқа ұшырағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript