Алматыдағы бірқатар қаржылық пирамидалардың қызметіне тосқауыл қойылды

Мошенничество, мошенники, мошенник, мошеннические схемы, вид мошенничества, финансовая пирамида, пирамида, финансовые аферы, финансовая афера, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2025 09:34 Фото: Zakon.kz
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті "Warner Bros", "Roborock" және "NFT+TRX" қаржылық пирамидаларының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, қаржылық пирамида ұйымдастырушылары салымшыларды трейлерлерді көру арқылы жоғары пайда алу деген сылтаумен жобаларға инвестиция салуға көндірген. Жоба 9 деңгейден құралып, орташа салым сомасы 225 мың теңгені құрады, төлемдер тек USDT криптовалютасында қабылданды.

"Мысалы, "Warner Bros" жобасы бойынша салымшылар арнайы қосымшаға тіркеліп, криптовалюта арқылы қолжетімділікті сатып алып, трейлерлерді көру үшін және жаңа салымшыларды шақыру үшін "есептелетін" сыйақылар алған.Тергеу барысында салымшылардан қаражат жинау және транзит жасау үшін қолданылған криптовалюталық әмияндар анықталды",- делінген ақпаратта.

Соттың санкциясымен 3,8 млн USDT көлемінде криптоактивтерге тыйым салынды.

Құқықтық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды, деп түсіндірді ҚМА.

"Агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін "Baiqa, piramida!" Telegram-боты іске қосулы. Егер Сіз немесе жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгінуді сұраймыз". ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі

Бұған дейін елімізде балалар санаторийлеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар өзгергендігі жайлы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: