Қазақстанда алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды

Қазақстандықтарға 2025 жылғы 21 сәуірде фармацевтика нарығында алаяқтықтың бір түрі пайда болғаны туралы ескертілді. Бұл, негізінен, жалған интернет-дәріханаларға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Aqparatsaqsysy мәліметінше, алаяқтар ресми интернет-дәріханалардың көшірме сайттарын жасайды, оны нақтысын еш ажырата да алмайсыз. Ол арада да қажетті дәрі-дәрмегіңізді таңдап, банк картасының мәліметтерін енгізе аласыз, тіпті жылдам жеткізу де "уәде" етіледі. Ақша шотыңыздан алынады, бірақ адам сатып алған дәрісін сол күйі көрмей кетеді.
Өтірік сайтты қалай тануға болады және қармаққа түспеу үшін не істеу керек?
Жалған интернет-дүкеннің негізгі белгілері:
- Бағалары басқа сайттарға қарағанда айтарлықтай төмен болуы мүмкін. Сонымен қатар, алаяқтар "дәріні тегін жеткіземіз" деп қызықтыруы мүмкін.
- Сатушы және оның байланыс деректері туралы ақпарат болмайды.
- Дүкен жақында ғана құрылған болады. Оның пайда болған күнін веб-сайттар туралы ақпарат беретін арнайы интернет қызметтер көмегімен тексеруге болады (https://be1.ru/stat/). Ол үшін аталған қызмет түріне еніп, веб-беттің мекен-жайын енгізіп, содан кейін "домен жылы" немесе "сайттың құрылған күні" санатын табу керек. Сонымен қатар, сайттың мекен-жайына, интернет-мекен-жайында қосымша әріптер бар-жоғына және т. б. назар аудару керек.
- Тауарлардың сипаттамасы жоқ немесе олар бәсекелестерден мүлдем өзгеше болады.
- Менеджерлер телефон арқылы қоңырау шалып, дәрәні дәл қазір сатып алуды сұрап (науқанға байланысты және т.б.) мазаңызды ала бастайды.
- Сайтта таныс емес төлем жүйелері немесе жеке тұлғаның картасына банктік аударым арқылы алдын-ала төлем жасау талабы болады.
- Сатушы сенімге кіру үшін ұйымның ресми интернет-ресурстары арқылы тексеруге болатын ресми лицензияларының орнына өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.
Қазақстандықтарға дәріханалардан тыс жерде бейтаныс адамдардан, қолдан немесе хабарландыру бойынша дәрі-дәрмек сатып алмауға кеңес беріледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript