Бағдаршам тірегіне соғылған: Алматыда таңертең жол апатынан екі қыз зардап шекті

Оқиға орнында болған Zakon.kz тілшісінің мәліметінше, Kia Rio автокөлігі Абай бойымен батыс бағытта келе жатқан. Байтұрсынов көшесі арқылы қиылыстан өтіп, көлік орталық аллеяға қарай бет алады, бірақ сол мезетте бордюрден шығып кетіп, бар жылдамдығымен бағдаршамның тірегіне соғылады.
Күшті соққыдан Kia Rio кері жол үстіне ұшып түсіп, бір қырымен тұра қалады. Оқиға куәгерлері көмек көрсету үшін көлікке қарай жүгірді.

Сурет: Zakon.kz
Авто салонның ішінде екі қыз болған. Көмекке келген адамдар оларды көліктен шығарып, жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырды.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы апатқа ұшырағандарды жақын маңдағы ауруханаға жеткізді. Жүргізуші қыз ауыр жағдайда. Ол қауіпсіздік белдігін тақпағандықтан рөлге басын қатты ұрып алған.
Көліктен алкогольдік сусындардың құтысы табылғаны белгілі. Жаңбырдан кейінгі тайғақ жол да жағдайды нашарлатуы мүмкін.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жол апатына не түрткі болғанын анықтайтын болады, ал әзірге қыздар ауруханада медициналық тексеруден өтуде.

Сурет: Zakon.kz
Соңғы келіп түскен мәліметтер бойынша, жолы апаты кезінде көліктегі жолаушы қыз мас күйінде болған.
2025 жылдың 19 мамырында Алматыда Hovo жүк көлігі мен Volkswagen Golf жеңіл автокөлігінің соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тапты.