Мемлекет басшысы Эфиопия президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Эфиопияның Ұлттық күнімен құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2025 09:01 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Тайе Ацке-Селассиеге Эфиопияның Ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті 2025 жылдың 28 мамырындағы жеделхатында екі ел арасындағы қарым-қатынас зор әлеуетке ие екенін атап өтіп, өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін күш-жігер жұмылдыруға әзірлігін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тайе Ацке-Селассиенің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал Эфиопия халқына құт-береке тіледі.

Сондай-ақ, бүгін мемлекет басшысы Ильхам Әлиевті және әзербайжан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтаған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: