Сыныптасының кеудесіне шампур тығып өлтірді: мектеп директоры жұмысынан қуылды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2025 15:26 Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Алматы облысында мектеп бітіру кешінде оқушының сыныптасының кеудесіне шампур тығып өлтіру оқиғасына пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Санжар Әділовтің айтуынша, күдікті жасөспірім соттың санкциясымен екі айға қамауға алынған.

"Адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, белсенді тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазірдің өзінде мектеп директоры қызметінен босатылды, оқу ісі жөніндегі меңгеруші мен екі сынып жетекшіге қатаң сөгіс жарияланды", – деді ол.

Вице-министр тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпаратты жария етпейтінін айтты.

"Барлық жағдайлар сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады. Біз тергеуді енді ғана бастадық", – деп толықтырды Санжар Әділов.

Бұған дейін Ақтөбеде екі зейнеткерді өлтіріп, бір әйелді кепілде ұстаған күдіктінің соты басталғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: