"Қаланы бөккен сары түтін". Өскемендегі титан-магний комбинатына 24 млн теңге айыппұл салынды

 Өскемен титан-магний комбинаты, экология, айыппұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2025 19:57 Сурет: Кира Мороз
Елеулі экологиялық бұзушылықтар тіркелген "Өскемен титан-магний комбинаты" ЖШС (ӨК ТМК) өнеркәсіптік кәсіпорнында экологтар жүргізген тексеру аяқталды. Оның қорытындысы бойынша кәсіпорынға 24 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың 19 мамырында болған оқиғадан кейін кәсіпорынның экологиялық дауға басы ілікті. Ол кезде Өскемен тұрғындары сары тұманға оранып, хлордың өткір иісіне тап болған. Салдарынан қала тұрғындарының көбісі бас айналу мен жалпы ауруға шағымданып, дәрігерге жүгінген.

Өңірлік коммуникациялар қызметі ӨК ТМК басшылығына сілтеме жасай отырып, штаттан тыс жағдайлар болмағанын хабарлады. Ресми нұсқа бойынша, кәсіпорында хлорлау қондырғысының конденсация жүйесіне жоспардан тыс тазарту жұмыстары жүргізілген.

Алайда, оқиға орнында ауаны зерттеген экологтар рұқсат етілген шектен тыс хлордың мөлшерін тіркеді. Сол кезде кәсіпорында тексеру жүргізілетіні хабарланған. 5 маусымда бұл тексерудің нәтижелері белгілі болды.

"20 мамырдан 2 маусым аралығында жүргізілген жоспардан тыс тексеру газ тазарту жабдықтарын дұрыс пайдаланбауды қоса алғанда, өрескел бұзушылықтарды анықтады. Газ құбырын профилактикалық тазарту кезінде хлорлау қондырғысында қысымның қысқа мерзімді жоғарылауы орын алды, бұл ластаушы заттардың тазарту жүйесін айналып өтіп, атмосфераға шығуына түрткі болды. Бұл жайт шамамен екі сағатқа созылды, мұны тергеуге қатысқан ШҚО ТЖД мамандары да растады", - деді ШҚО Экология департаменті.

Сондай-ақ, экологтар сынама алу орындарындағы сәйкессіздіктерді тіркеді, бұл мамандардың айтуынша, экологиялық мониторинг ережелерінің бұзылуын және нақты шығарындылар туралы деректердің ықтимал бұрмалана көрсетілуін танытуы мүмкін.

"Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорынға салынған айыппұлдың жалпы сомасы шамамен 24 млн теңгені құрады, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді, болашақта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін арнайы шаралар әзірлеп, қабылдау ұсынылды", деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Егер нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаса, департаменттегілер қайта тексеру жүргізілетінін нақтылады.

Бұған дейін Өскеменде ауадан хлордың шамадан тыс мөлшері анықталып, тексеріс басталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: