Маңғыстау облысында кен орнында газ-су қоспасы ауаға тарап, апатты жағдай орын алды

Маңғыстау облысында бүгін, 2025 жылы 6 маусымда кен орнында газ-су қоспасының ауаға тарау жағдайы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бейнеу ауданында 2025 жылы 6 маусымда "Толқын" кен орнындағы №57 ұңғымада авариялық жағдай орын алды.
"Varro Operating Group" ЖШС-нің "Толқын" кен орнындағы №57 ұңғымадан газ-су қоспасының өртсіз шығуы тіркелді. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта ұңғыманың трубалық кеңістігінен газ-су қоспасының шығуы жалғасуда", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Авариялық жағдайды жою үшін оқиға орнына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен – 10 бірлік техника, 32 қызметкер және 1 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.
"Қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты бақылауда. Төтенше жағдайлар департаменті барлық қажетті шараларды қабылдауда және ахуалдың даму барысы туралы қосымша ақпарат берілетін болады", деп нақтылайды облыстық ТЖД.
Бұған дейін Ақтауда экологтар ауаға тараған химиялық жаман иістің көзі не екенін тапқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript