"Теңізшевройл" компаниясының бас директоры ауысты: Кевин Лайон несімен қазақстандықтардың есінде қалды?

"Теңізшевройл" компаниясының бас директоры ауысты: Кевин Лайон несімен қазақстандықтардың есінде қалды?, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2025 11:30 Сурет: Теңізшевройл
Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ компаниясы "Теңізшевройл" (ТШО) басшылығы ауысқанын ресми түрде жариялады.

2021 жылдан бері ТШО-ның бас директоры болған Кевин Лайон "Шеврон" компаниясының бас кеңсесіндегі жаңа басшылық қызметке ауысады, ал оның орнына "Шеврон" компаниясының Оңтүстік Африкадағы стратегиялық бизнес бөлімшесінің басқарушы директоры қызметін атқарған Уильям Лакоби келеді.

"Мен үшін ТШО-ны күрделі сын-қатерлер мен өсу өзара алмасып отырған уақытта отырған басқару үлкен мәртебе болды. Ал бүгін жаңа тарау басталады – мен басшылықты Уильям Лакоби мен ТШО ұжымы Қазақстанға пайдасын тигізуді жалғастырады деген кәміл сеніммен тапсырамын. Қазақстан Үкіметіне, ТШО акционерлеріне, адал қызметкерлерімізге, іскер серіктестерімізге, сондай-ақ Атырау халқына көп жылдар бойы қолдау көрсетіп, ынтымақтастық танытқаны үшін шын жүректен алғысымды білдіремін", – деді Кевин Лайон.

Кевин Лайон ТШО басшылығына пандемия дендеп тұрғанда кірісіп, 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар, былтыр көктемдегі су тасқыны кезінде компанияны орнықты әрі тиімді басқаруды жалғастырды.

COVID 19 пандемиясының аяқталуы

Кевин 2021 жылы Қазақстанға келгенде сонау 2020 жылы басталған пандемия әлі дес бермей тұрған еді. Сол кездері бетперде тағу талабы күшінде болып, қызметкерлердің көпшілігі онлайн жұмыс істеді, ал ауысымын бастамас бұрын карантинде болуы тиіс еді. Соған қарамастан, 2022 жылдың басында ТШО қызметкерлерінің 100% дерлік вакцина алды деп мәлімдей алды, ал солардың санын қадағалау үшін арнайы цифрлық шешім әзірленді.

Сурет: Теңізшевройл

Сонымен бірге ТШО Атырау облысына пандемиямен күресте қолдау көрсетуді жалғастырды. Тек 2021 жылы ТШО вакцина сақтауға арналған 34 мұздатқыш сатып алып, сыйға тартты, сондай-ақ Атырау облысының ауруханаларына жалпы сомасы 7 млрд теңгеден астам медициналық құрал-жабдық сатып алуды қаржыландырды.

Пандемия ресми түрде аяқталғаннан кейін компания жұмыс орнында ауру жұқтыру қаупін азайту үшін жаңа жағдайға – гибридті жұмыс кестесіне – жылдам бейімделді.

2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар

ТШО ара-тұра түрлі қиындықтарға тап болғанымен, Кевиннің басшылығымен үнемі оңтайлы шешім тауып отырды. 2022 жылдың қаңтарындағы оқиғалар да дәл сондай ептілікті талап еткен еді. (Теңіз кен орны орналасқан) Жылыой ауданының тұрғындары облыс орталығына бармай-ақ өз өңірлерін толғандыратын мәселелерді талқылауы үшін Құлсары қаласында ТШО өкілдігі ашылып, оның құрамына ТШО-ның қазақстандық қамтуды дамыту және өндірістік байланыстар тобы, үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімі кірді.

Жаңа Жылыой ауданын дамыту бағдарламасы әзірленіп, соның аясында ауданда шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған "Таңдау" жобасы жүзеге асырылып жатыр. "Таңдау" жобасына стартаптар да, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар да қатыса алады. Жеңімпаздар өз кәсібін жүргізуге 2,5 млн бастап 4,5 млн теңгеге дейін пайызсыз несие алады. Бірінші жылдың қорытындысы бойынша 44 кәсіпкер жалпы сомасы 155 млн теңгеге құрал-жабдық сатып алуға несие алды, мұндай бастама Жылыой ауданының экономикасына тың серпін беретіні айдан анық.

2024 жылғы су тасқыны

Былтырғы жылдың сәуір айында ел Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі су тасқынын бастан кешірді. Ал Теңізшевройл болса, алғашқылардың бірі болып көмек қолын созды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, бизнес серіктестердің қолдауымен ТШО Теңіз маңындағы вахталық қалашығында 7500-ден астам адамды 4 айға орналастыруға, зардап шеккен тұрғындарды барлық қажетті заттармен қамтамасыз етуге көмектесті. Сондай-ақ ТШО жергілікті халықты қорғау мақсатында 8 шақырымдық бөгет салды, арнайы техникаға арналған жарты миллион литрден астам жанар-жағармай берді, Құлсары қаласының тұрғындарын 24 мың литр ауыз сумен қамтамасыз етті. Былтырғы су тасқыны салдарынан Құлсары қаласының көшелерінде жиналып қалған 22 мың тоннадан астам қоқысты тазартып, шығару ТШО үшін елеулі оқиғаларының бірі болды.

Сурет: Теңізшевройл

Су тасқынымен күресуге Кевин Лайонның отбасы да белсене атсалысты. Жұбайы Кимья Лайон, түрік тумасы, ТШО еріктілеріне жетекшілік етіп, су тасқынынан зардап шеккендерге қажетті заттарды жинаумен айналысты.

"Осындай қиын-қыстау кезеңде Жылыой ауданының тұрғындарына қолымыздан келгенше көмек көрсетуге тырысамыз. ТШО еріктілері гуманитарлық көмекті үйлестіріп, ынтымақ пен бірлік танытып жатыр. Өз басым осындай қысылтаяң уақытта бауырлас халыққа көмек көрсетпестен қол қусырып қарап отыра алмадым. Бір кісідей күш біріктіріп, еріктілер 4,5 тонна гуманитарлық көмек жинады" – деді Кимья Лайон.

2025 жылы ККЖ іске қосу

2025 жылдың қаңтарында ТШО Келешек кеңею жобасын аяқтап, Үшінші буын зауытынан алғашқы мұнайды қауіпсіз өндірді. Ал Кевин Лайон ТШО тарихында осындай айтулы оқиғаға мұрындық болған басшы ретінде қалды.

Сурет: Теңізшевройл

ККЖ Теңіздегі мұнай өндірісін жылына 12 млн тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Теңіз кен орнындағы барлық нысандар толық өндірістік қуатқа ие болғанда ТШО-ның жалпы мұнай өндіру көлемі жылына шамамен 40 млн тоннаны құрайды деп күтіледі, осылайша салықтар, роялти және басқа да тікелей төлемдер есебінен Қазақстан Республикасының бюджетіне төленетін төлемдерді ұлғайтуды қамтамасыз етеді.

Мұнай химиясындағы жаңа қадамдар

Кевиннің басшылығы кезінде ТШО Қазақстанның ішкі нарығына газ жеткізу бойынша 5 ірі келісім-шартқа қол қойды, сөйтіп ТШО Қазақстан Республикасына елдің газға артып келе жатқан қажеттілігін қанағаттандыруға көмектесуге дайын екенін растады.

Хронологиялық тұрғыдан қарасақ:

  • 2021 жылдың қыркүйегінде ТШО "Kazakhstan Petrochemical Industries" (КПИ) компаниясымен Атырау облысында 2022 жылы жұмысын бастаған жаңа полипропилен өндіру зауыты үшін жылына 550 мың тонна пропан шикізатын жеткізу туралы келісімге қол қойды. КПИ үшін пропан шикізатын ТШО 100% қамтамасыз етеді.
  • 2022 жылдың қарашасында "Бутадиен" ЖШС-мен Атыраудағы зауыт үшін Теңіз кен орнынан жылына 380 мың тонна бутан шикізатын жеткізу туралы келісімге қол қойды.
  • 2024 жылдың желтоқсанында "KMG PetroChem" компаниясымен газ өңдеу зауытына 9 млрд текше метрге дейін құрғақ газ жеткізу туралы келісімге қол қойды.
  • 2025 жылдың ақпанында 2 келісім-шарт жасалды, оның бірі – "QazaqGaz" ҰК АҚ-мен тауарлық газ жеткізу туралы келісім, ал екіншісі – Энергетика министрлігімен 240 мың тоннаға дейін сұйытылған газ жеткізу туралы келісім.

Жергілікті бизнес үшін көбірек мүмкіндік

Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығын құру (IMB орталығы)

2021 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен елдегі үш ірі мұнай-газ операторы IMB орталығын құруға үлес қосты.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде ТШО-мен барлығы 20-дан астам меморандум мен ынтымақтастық туралы келісімге, сондай-ақ қазақстандық өндірушілердің құрал-жабдықтарын жеткізу туралы келісім-шарттарға қол қойылды.

Қазақстандық қамтуды (ҚҚ) дамытуды қолдаудың жаңа жолдары

2024 жылы Энергетика министрлігімен ынтымақтастықта Тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің елдегі ішкі құнын дамыту бағдарламасы әзірленді, ол алдағы бес жылға ТШО-ның ҚҚ жөніндегі жоспарларын іске асыруға негіз болады.

Жергілікті қызмет жеткізушілер үшін қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейтуге көмектесу

Кевин Лайонның басшылығымен ТШО тиісті несие рейтингі бар қазақстандық қызмет жеткізушілерге қазақстандық екінші деңгейлі (бірінші деңгейлі ғана емес) банктер берген кепілдіктерді пайдалануға көмектесу үшін ішкі тәжірибесін өзгертті. Аталмыш кепілдік жалпы сомасы 10 млн АҚШ долларынан асатын келісім-шарттарға қатысты. Осы бағыттағы жұмыстың арқасында ҚМ көрсеткіші 70% дейін өсті.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетістіктер

Кевиннің басшылығы компаниядағы экологиялық жаңалықтармен және жетістіктермен де ерекшеленді. Мысалы, 2024 жылы ТШО қоршаған ортаны автоматты бақылау станцияларын (АБС) кезең-кезеңімен енгізуді аяқтап, деректерді нақты уақыт режимінде беруді бастады, осылайша өзінің ашықтығын, экологиялық қағидаларға адалдығын көрсетті. АБС енгізу "2022-2024 жылдарға арналған ТШО өндірістік нысандарының эмиссия көздерінде АБС енгізудің жол картасы" аясында жүзеге асырылды.

Бірақ одан да ертерек, 2021 жылы, ТШО өзінің қоршаған ортаны бақылау станцияларын (ҚОБС) "Қазгидромет" РМК жүйесіне қосты. Енді кез келген адам Air.kz ұялы қолданбасы және "Қазгидромет" интерактивті картасы арқылы Теңіз кен орнындағы ҚОБС деректерін бақылап отыра алады.

Кевин Лайон Атырау өңірін көгалдандыруға да өз үлесін қосты. 2022 жылдан бері ТШО Жылыой ауданында 12 мыңнан астам көшет отырғызды.

Сурет: Теңізшевройл

Мұнай мен газ саласында ғана көшбасшы емес

Қызметіне кіріскен соң, Кевин Лайон өңірдің әлеуметтік дамуына қолдау көрсетуді жалғастырды. Оның үстіне 2021-2024 жылдар аралығында "Игілік" ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында жоба саны айтарлықтай артқаны байқалады. Атырау қаласында да, Жылыой ауданында да 880 орындық 4 балабақша, 1830 орындық 4 мектеп, 275 орындық 2 аурухана және 3000 орындық орталық стадион салынып пайдалануға берілді, сондай-ақ Жылыой ауданында Құрсай өзенінің жағалауы абаттандырылды.

Компанияның жетістіктерін, қосқан үлесін ел басшылығы талай атап өтті. Осылайша ТШО екі рет Үздік жұмыс беруші және үш рет Үздік салық төлеуші атанды. Сонымен қатар Атырау облысының басшылығы да компанияның су тасқынына қарсы күреске, өңірдің әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады.

Кевин Лайонның өзі ұлтаралық қатынастарды дамытуға және халықтар достығын нығайтуға қосқан үлесін мойындауды білдіретін Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградаларының бірі – ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды. Оны ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы табыстады.

Сурет: Теңізшевройл

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: