Жаңалықтар тізбегі
0

Теңізшевройл 30 жыл ішінде Атырау облысының тұрғындары үшін не жасады

Теңізшевройл халыққа не сыйлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2023 14:55 Сурет: ТШО
Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов мұнай-газ саласының ардагерлерін, ТШО және мердігер компаниялардың қызметкерлерін «Теңізшевройл» (ТШО) 30 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

1993 жылдан бері ТШО Атырау облысының халқына және қызметкерлеріне арналған әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларға 2.7 млрд АҚШ долларынан астам қаражат бөлді.

«Қазақстан Республикасының егемендігімен тұспа-тұс құрылған ең алғашқы қазақ-американдық бірлескен «Теңізшевройл» кәсіпорны қазақ елінің мұнай әлеуетін дамытуда әлемдік қауымдастықтың көзін айтарлықтай дәрежеге жеткізді.

1993 жылдан бері ТШО елімізге 70 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция тартып, мемлекет бюджетіне 160 млрд АҚШ долларынан астам кіріс кірген болатын. Компания тек қара алтынды ғана өндіріп қоймай, түрлі жобаларды іске асырды. Әрине, әлемдегі ең үздік технологиямен жұмыс істейтін өндіріс орнының білікті мамандарды дайындауда да үлесі мол. Төртінші он жылдықта мұнай-газ көлемін одан әрі арттырудың ауқымды жоспары енгелі отыр. Ендеше, осындай мерейлі күнде «Теңізшевройл» ЖШС ұжымына шын жүректен алғысымды білдіре отырып, Қазақстанның мұнай саласын дамыту ісінде жетістікке жетулеріңізге тілекшімін»,-деді С.Шәпкенов.
Теңізшевройл халыққа не сыйлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2023 14:55

Сурет: ТШО

ТШО денсаулық сақтау, білім беру және экономикалық даму жүйелерінің қолжетімділігі мен жетілдірілуін қамтамасыз ете отырып, адамдар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге ұмтылады. ТШО Атырау облысының қоғамдастықтарына инвестициялау екі ерікті бағдарлама арқылы жүзеге асырып келеді: «Игілік» әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы мен Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы (ӘИБ).

1999 жылы «Игілік» әлеуметтік-инфрақұрылымдық даму бағдарламасы басталды. Бағдарламаның бастапқы бюджеті 4 млн АҚШ доллары болса, ал бүгінде ТШО жыл сайын 25 млн АҚШ долларын жұмсайды. «Игілік» бағдарламасын іске асырудың барлық кезеңінде 300 млн АҚШ долларынан астам игеріліп, 100-ден астам жоба жүзеге асты. Нәтижесінде дәрігерлер, мұғалімдер мен техникалық жұмысшылар үшін 1000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Теңізшевройл халыққа не сыйлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2023 14:55

Сурет: ТШО

10 жылдан астам ТШО денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) жобаларын қолдап келеді. 2010 жылдан бастап ТШО-ның әлеуметтік жобаларын қаржыландыру аясында барлығы 100-ден астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.

Тек 2022 жылы ғана 100 мыңнан астам тұрғын 14 әлеуметтік жобаның тікелей және жанама бенефициарлары болды. Ал 2023 жылы бағдарламаның бюджеті 2,5 млн АҚШ долларын құрады. Қаржыландырудың ұлғаюының арқасында 21 жобаға қолдау көрсетілді.

Теңізшевройл халыққа не сыйлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2023 14:55

Сурет: ТШО

Әлеуметтік инфрақұрылымға және азаматтық қоғамды дамытуға жоспарлы инвестициялардан басқа, ТШО көптеген жылдар бойы шұғыл көмекке сұраныс бойынша қаражат бөледі. Осылайша, 2019 жылы компания Атырау және Жылыой ауданының Құлсары қалаларында мүмкіндігі шектеулі жандар мен балаларды үшін пандустармен жабдықталған 50 жолаушылар автобусын сатып алуды қаржыландырды. COVID-19 пандемиясы кезінде компания коронавируспен күресу мақсатында 18 млн АҚШ долларынан астам қаражат бөлді.

«Жүректен жүрекке» Қоғамдық қоры» Теңізшевройл компаниясының Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында бірнеше шағын жобаларды жүзеге асырады. Біз әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көмекке мұқтаж жандарға, мүмкіндіктері шектеулі балаларға көмек көрсетеміз әрі оларға қолдау білдіреміз және корпоративті еріктілік қызметті дамыту үстіндеміз.

Теңізшевройл халыққа не сыйлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2023 14:55

Сурет: ТШО

«Теңізшевройл» компаниясының қолдауының арқасында біз бірнеше қайырымдылық жобаларын жүзеге асырып та үлгердік, ондай игі шаралардың ішінде қайырымдылық дүкенді атап өтуге болады. Дүкенде мұқтаж жандар өздеріне қажетті заттарды тегін ала алады. Сондай-ақ қарт адамдардың үйлеріне, интернаттарға да барып тұрамыз. Интернаттарда ерекше дарынды балалармен тілдесеміз. Балалар біздің еріктілерге әбден бауыр басып, үйренісіп қалды, оларды күтіп отырады. Біз, компания мен олардың қызметкерлерінің арқасында пайдалы іспен айналыса алатынымызға қуаныштымыз», - дейді қордың жетекшісі Рысты Жексенбаева.

ТШО сонымен қатар қызметкерлеріне магистрлік және докторлық білім беру бағдарламаларын алуға қаржылай көмек көрсетеді. 2009 жылдан бастап бұл бағдарламаны 219 қызметкер пайдаланып, олардың 31 қазіргі уақытта оқуын жалғастыруда. 2008 жылдан бері компания қазақстандық қызметкерлерді кәсіптік дамытуға 93 млн АҚШ долларынан астам қаржы бөлді.

1999 жылдан бастап ТШО-ның 400 қазақстандық қызметкері уақытша халықаралық және ішкі тағайындауларда жұмыс істеп, компанияға қайтып келді. ТШО-ның штаттық қазақстандық қызметкерлерінің үлесі 1993 жылғы 50% салыстырғанда 94.8% құрайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: