Су ресурстары министрлігі жаппай су тапшылығы туралы дақпыртты жоққа шығарды

Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі Алматы облысы Іле ауданында су тапшылығы салдарынан 100 гектар егіс алқабының құрғап жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған ақпарат шыныққа еш жанаспайды.
"Ақши ауылында су тапшылығы салдарынан 100 гектар егіс алқабының құрғап жатқаны туралы бұрын тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтыны анықталды. Ал, шын мәнінде, "Қазсушардың" "Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы" филиалымен су жеткізу бойынша келісімшарттары болмағандықтан, 9 гектар жер суарылмаған".Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі
Жұмысшы тобы аталған елдімекенге су Күрті су қоймасынан Оң жағалау магистральдық каналы арқылы жеткізілетінін нақтылады. Суару маусымы 16 мамырда басталған. Ал Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының филиалы сәуір айының аяғында шаруаларды келісімшартқа отыруға шақыра бастаған.
Мамыр айының басында Күрті су қоймасындағы су көлемі 101,68 млн текше метр болды. Бүгінге дейін Оң жағалау магистральдық каналы арқылы 3,6 млн текше метр су берілді, Сол жағалау магистральдық каналы арқылы 6 млн текше метрден астам су берілді.
"Су беру жұмыстарының келешекте кешігуіне жол бермес үшін жұмыс тобының өкілдері филиалға суару маусымы басталмай тұрып, су беру жөнінде келісімшарттар жасасуды ұсынды. Сондай-ақ каналдарды механикалық әдіспен тазарту мәселесі қарастырылып жатыр. Жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста жұмыс істеу, фермерлерге тариф қою, суды ұтымды пайдалану, шаруашылық ішіндегі каналдарды алдын ала тазарту, егістік айналымын қолдану және су көп қажет ететін дақылдардың егісін азайту мәселелерін белсенді түрде түсіндіру қажет екені айтылды, – деді Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының басшысы Серік Мейрамбеков.
Бұған дейін Қазақстандағы су қоймалары мен каналдарды дамытуға бюджеттен субсидия бөлінетінін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript