Қызылордада зергерлік дүкендерден алтын бұйымдарын ұрлаған әйел ұсталды

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2025 16:28 Фото: pexels
Қызылорда қаласында бірнеше зергерлік дүкеннен алтын бұйымдарды ұрлады деген күдікпен 49 жастағы әйел ұсталды.

Оқиға шаһардағы сауда үйлерінің бірінде орын алған.

Күдікті зергерлік дүкенге кіріп, сатушыдан бірнеше сақинаны көрсетуін сұраған. Осы сәтті пайдаланып, сатушыны түрлі амалдармен алаңдатып, бағалы бұйымдарды жасырын түрде қолды қылған.

Қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, бұрын сотты болған Қызылорда облысының тұрғыны анықталып, ұсталды.

Тергеу барысында оның қала аумағында орын алған тағы үш ұрлық дерегіне қатысы бары белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар оның өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Әйел адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: