Шымкентте жүздеген адамды алдаған ірі қаржы пирамидасы әшкереленді

Накопление, накопления, сбережение, сбережения, деньги, финансы, тенге, инвестирование, инвестиции, капитал, мошенничество, мошенники, мошенник, мошеннические схемы, вид мошенничества, финансовая пирамида, пирамида, финансовые аферы, финансовая афера, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2025 13:08 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Zakon.kz мәліметінше, Шымкент қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) департаменті прокуратурамен бірлесіп "Аяла Голд" атты қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

Тергеу мәліметтері бойынша, ұйымдастырушылар зергерлік бұйымдар сатылымының желеуімен азаматтарға айына 50–60% көлемінде кепілдендірілген табыс уәде етіп, салымдардың толық сақталуына сендірген.

"Шын мәнінде, төлемдер жаңа қатысушылардың қаржысы есебінен жүргізілген, бұл қаржы пирамидасының айқын белгісі", – делінген хабарламада.

Құқыққа қайшы әрекеттердің нәтижесінде қаржы пирамидасына 400-ден астам адам тартылған. Тартылған қаражаттың жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асқан.

Түскен табыс есебінен күдіктілер құрылыс кезеңіндегі тұрғын үй кешенінен екі пәтер сатып алған. Қазіргі уақытта сот шешімімен бұл жылжымайтын мүлікке тұтқын салынды.

Сонымен қатар, қаржы пирамидасына қылмыстық іске қатысы бар тұлғалардың туыстары да тартылған, олардың банк шоттары арқылы ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру жүргізілген.

Қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы екі айға қамауға алынған.

Бұған дейін Павлодар қаласында АҚШ-тағы жарнамалық қосымшалар платформасы ретінде жұмыс істеген TAKORP қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты сот айыптау үкімін шығарғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: