ТЖМ ең қауіпті 15 мұздақ көлдерден арналар арқылы су төгу жұмыстарын жүргізуде
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі бүгінгі күні Қазақстанда 610 сел қаупі бар учаске мен 970 мұздақ-мұздық көл бар. Гидрометеорологиялық жағдайды бақылауды 118 тұрақты және маусымдық бекет, сондай-ақ ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің 30 диспетчерлік пункт жүзеге асырады.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
"Маусым басынан бері қауіпті учаскелерге 694 жерүсті және 14 әуе-визуалды тексеру жүргізілді. Уақтылы ден қою және шұғыл тапсырмаларды орындау үшін 11 авариялық-механикаландырылған бригада құрылды. Сел қаупі бар аймақтарда 166 ескерту және 3 ақпараттық қалқан орнатылды. Алдын алу шаралары аясында қауіпті аймақтарда орналасқан халық пен кәсіпорындарға 1692 ескерту-хабарлама мен ұсыныс берілді. Ең қауіпті 15 мұздақ көлде алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Мұздақ көлдерден сифондар, эвакуациялық және мұздақ көл ішіндегі арналар арқылы 2 102,72 мың текше метр су төгілді". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
"Қазавиақұтқару" АҚ-пен бірлесіп 23 биік таулы учаскеге арнайы жабдықталған бригадаларды, батиметриялық өлшеулер жүргізу үшін барлау топтарын және тәулік бойы мониторинг ұйымдастыруға арналған бақылаушыларды жеткізу бойынша авиациялық операциялар орындалды.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі мұздақ көлдерді босату бойынша алдын алу шараларын жалғастыруда.
Бұған дейін Қаламқас кен орнында жол апаты болып, екі адам зардап шеккенін хабарлағанбыз.