Алматыда түн ортасында екі көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы жедел түрде ауруханаға жеткізілді

Алматыда түн ортасында екі көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы жедел түрде ауруханаға жеткізілді , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2025 10:54 Сурет: Zakon.kz
12 тамызда түнде Алматыда Сейфуллин мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. Белгілі болғандай Mercedes-Benz G-Wagon және Hyundai Sonata көліктері соқтығысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнында болған Zakon.kz тілшісінің мәліметінше, екі көлік те Сейфуллин даңғылы бойымен қозғалған. Mercedes көлігі солтүстік бағытқа, ал Hyundai оған қарама-қарсы – оңтүстікке қарай жүрген.

G-Wagon жүргізушісі Сәтбаев көшесіне солға бұрылмақ болған сәтте, Hyundai көлігі жоғары жылдамдықпен келіп, оның артқы дөңгелек тұсына соғылған.

Алматыда түн ортасында екі көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы жедел түрде ауруханаға жеткізілді , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2025 10:54

Сурет: Zakon.kz

Соққының қатты болғаны соншалық – G-Wagon шайқалып, кейін бірнеше рет айналып, бір жағына аударылып қалған.

Алматыда түн ортасында екі көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы жедел түрде ауруханаға жеткізілді , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2025 10:54

Сурет: Zakon.kz

Hyundai көлігін де соқтығысқаннан кейін жолдан тайдырып жіберген.

Алматыда түн ортасында екі көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы жедел түрде ауруханаға жеткізілді , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2025 10:54

Сурет: Zakon.kz

Жол апатының салдарынан G-Wagon жүргізушісі мен Hyundai жолаушысы зардап шекті. Олар бірден ауруханаға жеткізілді.

Алматыда түн ортасында екі көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы жедел түрде ауруханаға жеткізілді , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2025 10:54

Сурет: Zakon.kz

Жол-патрульдік полиция қызметкерлері оқиғаның нақты мән-жайын бейнебақылау камералары арқылы анықтайтын болады.

Бұған дейін Форт-Шевченкода жасөспірімнің жүк көлігін ұрлап әкетіп, 14 жасар қызды қағып кеткендігін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: