Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифті құттықтады
Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Шахбаз Шарифке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылғы 14 тамызда Ақорда мәліметінен белгілі болды.
"Әлеуметтік-экономикалық дамуда елеулі табысқа жеткен Сіздің еліңіз Азияда және әлемдік аренада лайықты орынға ие. Пәкістан гүлденген әрі орнықты қоғам құру жолында алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыратынына сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Пәкістанды аймақтағы негізгі серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтіп, қос халықтың игілігі үшін сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.
Бұған дейін Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің наркотизмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі отырысы өткендігін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript