Оралда екі қыздан 1,6 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

Оралда екі қыздан 1,6 келі синтетикалық есірткі тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2025 13:43 Сурет: polisia.kz
Оралдық полицейлер синтетикалық есірткіні тығып кету әдісімен таратты деген күдікпен 26 жастағы екі азаматшаны ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ таратқан мәліметке сүйенсек, күдіктілер қала маңындағы орман алқабында қолға түсті. Жеке тінту барысында олардың жанынан ұнтақ тәріздес зат салынған 30 орама табылды.

"Жалға алған пәтерін тінту кезінде ұқсас заттар салынған 125 орама, ақ және қызыл түсті ұнтақ тәріздес заттары бар 5 контейнер, қара-сұр түсті тас тәріздес зат салынған 1 контейнер, сондай-ақ электронды таразы, zip-пакеттер және оқшаулағыш ленталар тәркіленді",- делінген ақпаратта.

Сараптама қорытындысы бойынша, алынған заттар:

  • "Alpha-PVP" — 817,16 грамм,
  • мефедрон — 782,44 грамм,
  • гашиш — 192,13 грамм.

Барлығы 1 келі 599,6 грамм есірткі заты анықталды.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде: жеткізу арналары мен ықтимал сыбайластар анықталып жатыр",- деп қорытындылады ведомство.

Бұған дейін Алматыда жол қиылысы 12 күнге жабылағандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: