Алматы әуежайында рейстерін күтіп тұрған екі шетелдік ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2025 15:18 Фото: Zakon.kz
Астанада 3 дроппер, соның ішінде екі шетелдік сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, Telegram мессенджері арқылы тергеу барысында анықталмаған тұлғамен үш дроппер қылмыстық сөз байласып, қарт адамдарға телефон соғып, жақын туыстарының жол ережесін бұзғанын, соның салдарынан көмекке мұқтаж адамдар зардап шеккенін хабарлаған.

"Куратордың нұсқауымен "жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге" материалдық көмек ретінде алданған тұлғалардан 14 млн теңгеден астам ақша алып, оны қылмысты ұйымдастырушының есеп айырысу шотына аударып, олардың әрекеттері үшін алынған соманың бір бөлігін өзіне қалдырған үш кінәлі тұлға анықталды",- делінген ақпаратта.

Олардың екеуі шет мемлекеттің азаматы бола тұра, жәбірленушілердің ақшасын жымқырып, елден шықпақ болған. Алайда, олар рейсті күтіп тұрған кезде Алматы қаласының халықаралық әуежайында ұсталды.

Келтірілген материалдық шығын толығымен өтелді.

"Үш тұлғаның әрқайсысы 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды". Астана қаласы прокуратурасы

Бұған дейін ШҚО-да бағалы металдарды заңсыз өндіру фактісі анықталғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: