Алматылық полицейлер түнгі ойын-сауық мекемелеріне рейд жүргізді

Алматылық полицейлер түнгі ойын-сауық мекемелеріне рейд жүргізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2025 12:07 Сурет: Instagram/almaty_police_department
Алмалы аудандық полиция Басқармасының қызметкерлері учаскелік инспекторлардың, ювеналды полицияның, криминалдық полицияның және көші-қон қызметінің қатысуымен түнгі ойын-сауық мекемелеріне рейд жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы ПД мәліметінше, рейдтің мақсаты – түнгі уақытта тұрғындардың мазасын жиі алатын ойын-сауық мекемелерінің заңнама талаптарын сақтауын бақылау.

"Тексеру барысында қоғамдық тәртіпті бұзу, ғимаратта кәмелетке толмағандардың болу ережелерін сақтамау және көші-қон заңнамасын бұзу деректері анықталды.Мысалы, барлардың бірінде тыныштықты және көші-қон ережелерін бұзуға қатысты 4 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.Тағы бір мекемеде осындай 2 дерек анықталды". Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, темекі өнімдерін, кальян мен электронды шылымдарды шегуге тыйым салу талаптарын бұзудың 17 дерегі тіркелді.

"Мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Басты мақсат – құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау. Алматы полициясы бұл бағытта жүйелі түрде жұмысын жалғастыратын болады. Сонымен қатар, ойын-сауық орындарының иелеріне заң талаптарын қатаң сақтаудың, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі клубтар мен барларда болуына жол бермеудің маңыздылығын еске саламыз", – деді, Алмалы аудандық полиция Басқармасы бастығының орынбасары Ержан Оразаев.

Бұған дейін Қазақстанда теміржол желілерінің тозуы 57%-ға жеткендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: