Алматыда мопед пен самокат жүргізушілері бір тәулік ішінде 115 тәртіп бұзушылық жасаған
Сурет: Zakon.kz
Жергілікті полиция қызметінің патрульдік және ювеналды полиция қызметкерлері арнайы рейд жүргізді.
"Жолаушыларды тасымалдау ережелерінің талаптарын, жол қиылыстарынан өту ережелерін, қорғаныс құралдарын міндетті пайдалану талаптарын елемей, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 115 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 47- і самокат пайдаланушылары, 68-і мопедист. Кәмелетке толмағандардың микромобиль көлігін пайдалануына ерекше назар аударылды. Балаларына самокат пен мопед мінуге рұқсат берген сегіз ата-ана жауапқа тартылды. Кейбір жағдайларда балалар мектепке осы көлікпен келген, бұл жалпы заң мен қауіпсіздік нормаларына қайшы келеді", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.
Бұрын хабарланғандай, жыл басынан бері самокаттардың қатысуымен 25 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам қаза тауып, 27 адам жарақат алған.
Ал мопедтердің қатысуымен 292 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 14 адам қаза тапты, былтыр екі адам қайтыс болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript