Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапарын зиярат етуден бастады

Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапарын зиярат етуден бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2025 10:04 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары "Ата бейіт" ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметіне сүйенсек, мұнда Отанына әр кезеңде қалтқысыз қызмет еткен қырғыз халқының даңқты перзенттері, сталиндік репрессия құрбандары жерленген. Кешенге "Ата бейіт" атауын жазушы Шыңғыс Айтматов ұсынған.

Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы мемориалдық кешен аумағындағы 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды.

Сурет: akorda.kz

Сурет: akorda.kz

Айта кетейік, 2025 жылғы 21 тамызда Манас халықаралық әуежайына ұшып келген мемлекет басшысын Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың өзі қарсы алған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: