Алматы облысында тауда алапат өрт болып жатыр
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
22 тамызда Шамалған ауылының маңында, Қарасай ауданының мемлекеттік жер қорының аумағындағы таулы жерде шамамен 10 гектар аумақта құрғақ шөп пен бұталар өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, жергілікті жерде іс-қимылды үйлестіру үшін жедел штаб ұйымдастырылды.
"Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД, Алматы қаласы ТЖД, 28237 әскери бөлімінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары тартылды. Барлығы 81 адам және 12 бірлік техника оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Жағдай бақылауда", делінген хабарламада.
Құтқарушылар төтенше жағдайлар кезінде 101 және 112 нөмірлеріне қоңырау шалуға шақырады.
Бұған дейін Алматыдағы өрт кезінде 78 жастағы әже зардап шеккені хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript