Алматы облысында табиғи өрт сөндірілді: 40 гектар жер жанып кетті

Алматы облысында табиғи өрт сөндірілді: 40 гектар жер жанып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2025 21:38 Сурет: Zakon.kz
3 тамыз күні Алматы облысы Қарасай ауданының таулы аймағында, Долан ауылының маңында тұтанған өрт сөндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметінше, өрт шамамен 40 гектар аумақтағы құрғақ шөп пен бұталарды шарпыған.

Өртті сөндіруді қиындатқан басты факторлар — рельефтің күрделілігі, өрт аймағына апарар жолдардың болмауы және өсімдіктің қалың болуы.

Тілсіз жаумен күреске Алматы облыстық ТЖД, Іле-Алатау ұлттық паркі, жергілікті атқарушы органдар мен ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің 100-ден аса қызметкері мен 20 техникасы жұмылдырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: