Дәрігерлерге шабуыл: Әлназарова Тоқаевқа медицина қызметкерлерін қорғау шаралары туралы айтты

Дәрігерлерге шабуыл: Әлназарова Тоқаевқа медицина қызметкерлерін қорғау шаралары туралы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2025 17:01 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады, деп хабаралйды Zakon.kz.

Мемлекет басшысына денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі мен алдағы кезеңге арналған перспективті міндеттері жөнінде баяндалды. 

Ақмарал Әлназарова:

  • өткен жылы елімізде өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жеткенін айтты.

Бұл – әлемдік орташа деңгейден жоғары көрсеткіш. Биылғы бірінші жартыжылдықта жалпы өлім-жітім 3 пайызға төмендеді. Былтыр алғаш рет ана мен бала өлімі ең аз көлемде тіркелді. 

  • алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімділігін арттыру, "Қолжетімді емхана" тұжырымдамасын жүзеге асыру, халықтың скринингтен өтуін жеңілдету бойынша мәлімет берді.

Дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз ету және оның айналымын бақылауды күшейту шаралары жүргізіліп жатыр. 2024 жылмен салыстырғанда дәрігерлер тапшылығы республикада – 19 пайызға, ауылдарда – 16 пайызға және орта буын медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі 7 пайызға азайды.

  • медицина қызметкерлерін қорғау шаралары жөнінде ақпарат берді. 

Бұл орайда заңнаманы қатаңдатуға, дәрігерлерге шабуыл жасалған жағдайда жедел көмек көрсетуге ден қойылады.

Министрліктің мәліметінше, келесі жылдан бастап әлеуметтік осал топтағы 1 миллион адам медициналық сақтандырумен қамтылады.

Мемлекет басшысы:

"Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында елді мекендердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарының құрылысын жыл соңына дейін аяқтау, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін тиімді ету, аса маңызды дәрі-дәрмектердің отандық өндірісін дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеді. 

Сондай-ақ азаматтардың денсаулығын нығайту және медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жұмыстарын жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда фельдшерді өлтіріп кеткенін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: