Атырауда фельдшерді өлтіріп кетті
Фото: Zakon.kz
Желіде 23 жастағы фельдшердің Атырауда атып өлтірілгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Хабарламада бұл оқиғаның төбелес кезінде болғаны айтылған. Атырау облыстық полиция департаменті Zakon.kz сайтына бұл ақпаратты растады.
"Аталған факті бойынша күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді ведомство.
Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмеді.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында фельдшер ауруханада оқ жарақатын алғанын еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript