Астанада көпқабатты үйдің терезесінен жасөспірім құлап кетті

Астанада көпқабатты үйдің терезесінен жасөспірім құлап кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2025 13:17 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен жасөспірімнің өлімі туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға Хан Шатыр ауданында Әнет баба көшесінде 2025 жылғы 17 қаңтарда кешкі уақытта болды.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады:

"Мәйіт табылған соң қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр".

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылғы 13 қаңтарда Павлодарда 20 жастағы қыз биіктен құлап қаза тапқан еді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: