"Бар болғаны телефон сұрады": Алматы әуежайындағы өзін-өзі өртеу әрекетінің видеосы мен жаңа деректері ашылды

Аэропорт в Алматы, аэропорт Алматы, алматинский аэропорт, международный аэропорт Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2025 13:18 Фото: akorda.kz
2025 жылғы 25 тамызда Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберуге әрекеттенді. Қазір ол ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Осы уақытта желіде оқиға орнындағы бейнебақылау камераларына түскен бейнелер тарай бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға болған Nur Ai & Co авиатуратор агенттігінің директоры Гүлмира Садвакасова видеоны өзінің Facebook парақшасында жариялап, кейбір мәліметтерді айтты.

Мәселен, ер адамның кассаға келіп, телефон сұрағаны белгілі болды.

"Телефон арқылы біреуге қоңырау шалды, рейске үлгермегенін айтты да, өзіне бензин құя бастады. Біздің қызметкер сыртқа шығуға сұранып, кетіп қалды. Ал, ер адам өзін өртеуге кірісті. Ксения есімді батыл қызметкеріміз паникаға берілмей, тез әрі нақты әрекет ете білді",- деп жазды Садвакасова.

Сонымен қатар, Садвакасова әлеуметтік желідегі ер адамның билетін ауыстыруды сұрады деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Ол тек телефон сұрады, қызметкеріміз жұмыс телефонымызды берді, біреуге қоңырау шалды. Біз оны танымаймыз, тек клиент. Қызметкермен ешқандай дау болмады", – деді Гүлмира Садвакасова.

Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі төтенше оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олардың мәліметінше, ер адамның әрекетінің себебі жеке өміріндегі келеңсіз жайттар – азаматтық әйелімен жанжал болды деп болжануда.

"Оқиғаның барлық мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталатын болады", – деді мамандар.

Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның жағдайы өте ауыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: