Алматы әуежайындағы өзін-өзі өртеу әрекеті: алдын ала себеп пен зардап шегушінің жағдайы

Аэропорт в Алматы, аэропорт Алматы, алматинский аэропорт, международный аэропорт Алматы, паспортный контроль , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2025 09:33 Фото: akorda.kz
Алматы әуежайында болған өзін-өзі өртеу әрекетінің алдын ала себебі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі әуежайдағы төтенше оқиғаға қатысты қосымша түсініктеме берді.

"Алдын ала анықталғандай, ер адамның әрекетіне себеп – азаматтық жұбайымен болған жеке жанжал. Оқиғаның барлық мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады", – делінген ақпаратта.

Алматы паласа Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 26 тамызда зардап шегушінің №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылғанын хабарлады.

"Жағдайы аса ауыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық хаттамасына сәйкес толық көлемде ем қабылдап жатыр", – деді ведомствода.

2025 жылғы 25 тамыз кешке Алматы әуежайының "Т-1" терминалында ер адам касса жанында өзін-өзі өртеуге әрекеттенген. Полиция қызметкерлері әуежайдың қауіпсіздік қызметімен бірлесіп дереу қауіпсіздік шараларын қабылдап, өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырған. Әуежайдың баспасөз қызметі бұл жағдайдың әуежай қызметіне қатысы жоқ екенін және оның жұмысына әсер етпегенін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: