Алматыдағы қамыс арасынан табылған мәйіт: полиция түсініктеме берді

Алматыдағы қамыс арасынан табылған мәйіт: полиция түсініктеме берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2025 13:50 Сурет: Zakon.kz
Алматы полициясы 2025 жылдың 27 тамызында қалалық саябақ аумағында қамыстың арасынан табылған ішінде мәйіті бар көлікке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлер Түрксіб ауданындағы Желтоқсан саябағы жанында қамыс арасынан бейтаныс адамның денесі бар Toyota Camry көлігі табылғаны жайлы хабарлаған.

"Қайтыс болған адамның кім екені анықталды. Зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Оның нақты өлім себептерін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды. Материалдар Түрксіб ауданы полиция басқармасының қарауында", – деп мәлімдеді полиция.

Мәйіті бар автокөлікті Алматы ТЖД қызметкерлері жүк көлігінің көмегімен шығарған. Айналаны алып кеткен иіске қарағанда, мәйіт бірнеше күннен бері жатқан болуы керек деп болжануда.

Бұған дейін Алматы тауларында жоғалып кеткен 18 жастағы жігіттің мәйіті табылғанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: