Мас күйінде трактор тізгіндеген павлодарлық 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды
Сурет: polisia.kz
Павлодар облысында ауыл тұрғыны мас күйінде трактор жүргізіп, ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ІІМ мәліметіне сүйенсек,Успен ауданы Лозовое ауылы маңында патрульдеу жүргізген полицейлер МТЗ-80 маркалы тракторды байқап, тоқтатқан.
Әңгімелесу барысында жүргізушіден алкоголь иісі сезіліп, ол дереу медициналық куәландыруға жіберілді. Тексеру қорытындысы ауыл тұрғынының мас күйде көлік басқарғанын дәлелдеді. Белгілі болғандай, ер адам қызының туған күнін атап өтіп, бір күн бұрын ішімдік ішкен.
"Құқық бұзушыға қатысты іс құжаттары толтырылып, сотқа жолданды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды", – деді Успен аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Мадияр Тұрсынбаев.
Полиция қызметкерлері барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Бұған дейін Астанада жүргізуші куәлігін алып беруге көмектесемін деген сылтаумен азаматты алдаған ер адам жауапқа тартылғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript