ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті "Жомарт" кенішіндегі апаттың салдарын жою барысын тексерді

ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Жомарт» кенішіндегі апаттың салдарын жою барысын тексерді  ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Рашид Дубаев пен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев «Жомарт» кенішінде орын алған апаттың салдарын жою жоспарының жүзеге асу барысын тексерді.  Тексеру барысында оларға болжау және газсыздандыру үшін бұрғыланған техникалық ұңғымалар көрсетілді. Бұл жұмысқа RHINO бұрғылау қондырғысы пайдаланылды. Алдымен бұл қондырғы диаметрі 380 мм болатын бастапқы ұңғыманы бұрғылайды, кейін ол кеңейткіштің көмегімен 2,5 метрге дейін үлкейтіледі.   Келушілердің қатысуымен барлық ұңғымалардағы газдың мөлшері өлшенді. «Спутник-М1» газ талдағышы арқылы алынған нәтиже кеніш атмосферасында газдың жоқ екенін көрсетті. Геобелгілерден түсетін мәлімет кеншілер мен техниканың жұмыс аймағындағы қозғалысын бақылау үшін тікелей Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне жіберіледі.  Ғ. Омаров атындағы Шахтапроходкалау тресі арнайы желдету өткелі салды. Ол 37 шығыс панелін апаттық аймақтағы төменгі транспорттық штрекпен байланыстырды. Алдағы уақытта бұл өткел таза ауаны жеткізу және суды сору құбырын орнату үшін пайдаланылады.  Сапар қорытындысы бойынша ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы атқарылған жұмысқа оң баға беріп, алдағы іс-шаралар жоспарын қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті., сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2025 11:38 Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Рашид Дубаев пен "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев "Жомарт" кенішінде орын алған апаттың салдарын жою жоспарының жүзеге асу барысын тексерді.

Тексеру барысында оларға болжау және газсыздандыру үшін бұрғыланған техникалық ұңғымалар көрсетілді. Бұл жұмысқа RHINO бұрғылау қондырғысы пайдаланылды.

Алдымен бұл қондырғы диаметрі 380 мм болатын бастапқы ұңғыманы бұрғылайды, кейін ол кеңейткіштің көмегімен 2,5 метрге дейін үлкейтіледі. Мұндай ұңғыманы құбырлар мен кабельдерді жүргізуге, сондай-ақ желдету үшін пайдалануға болады.

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС

Комитет өкілдеріне газ концентрациясы шекті деңгейден асқан жағдайда электр жабдықтарын автоматты түрде сөндіретін стационарлық датчиктер таныстырылды.

Келушілердің қатысуымен барлық ұңғымалардағы газдың мөлшері өлшенді. "Спутник-М1" газ талдағышы арқылы алынған нәтиже кеніш атмосферасында газдың жоқ екенін көрсетті. Сонымен қатар кеніштің әрбір қызметкері қол газ талдағышымен және орналасуын анықтайтын датчикпен қамтамасыз етілді.

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС

Геобелгілерден түсетін мәлімет кеншілер мен техниканың жұмыс аймағындағы қозғалысын бақылау үшін тікелей Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне жіберіледі.

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС

Ғ.Омаров атындағы Шахтапроходкалау тресі арнайы желдету өткелі салды. Ол 37 шығыс панелін апаттық аймақтағы төменгі транспорттық штрекпен байланыстырды. Алдағы уақытта бұл өткел таза ауаны жеткізу және суды сору құбырын орнату үшін пайдаланылады.

Сапар қорытындысы бойынша ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы атқарылған жұмысқа оң баға беріп, алдағы іс-шаралар жоспарын қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС

Қазіргі кезде "Жомарт" кенішінде ғылыми-зерттеу жұмысы жалғасуда. Оған жетекші ғылыми және инженерлік ұйымдар тартылды, терең зерттеулер кешені жүргізіліп, мониторинг пен бақылау жүйелері енгізілді, сондай-ақ мемлекеттік қадағалау органдарымен келісілген техникалық шешімдер әзірленді.

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: