ҚР ҰҚК өз қызметкерлерінің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Комитет национальной безопасности РК, КНБ РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2025 16:52 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) өз қызметкерлерінің ұсталғаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

4 қыркүйек күні ведомствоның баспасөз қызметі келесі мазмұндағы ресми мәлімдеме таратты:

"Orda" телеграм-арнасында ҰҚК-нің бірқатар жоғары лауазымды қызметкерлерінің қамауға алынғаны туралы ақпарат жарияланды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын естеріңізге сала кетейік. ҰҚК Баспасөз қызметі

Бұған дейін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Дезинформациямен күрес орталығы ел арасында тараған Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Хаджи Хаджиевтің ұсталғаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Ал мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: