ҰҚК халықаралық іздеуде жүрген қазақстандықтың ұсталғанын хабарлады

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 2025 жылдың 14 қазанында халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматының ұсталғанын мәлімдеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2025 09:45 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 2025 жылдың 14 қазанында халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматының ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 11 қазанда ҰҚК қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің Интерполдың Ұлттық орталық бюросымен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген елордалық алқаның бұрынғы адвокатын шетелден Астана қаласына жеткізген.


"Көрсетілген адам аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілініп, 2023 жылдан бері әділ соттан жасырынып жүрген. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамауда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – делінген ҰҚК хабарламасында.

2025 жылдың 5 қыркүйегінде Қазақстан тарихындағы ең ірі кокаин партиясын ҰҚК тәркіледі деген ақпарат жария болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: