ҰҚК халықаралық арнайы операцияның нәтижесін жариялады

ҰҚК халықаралық арнайы операцияның нәтижесін жариялады, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2026 09:34 Сурет: gov.kz
2026 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шетел мемлекетінің құзыретті органдарымен бірлесіп халықаралық есірткіге қарсы арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ведомство 2026 жылғы 26 ақпанда мәлім етті.

Комитеттің дерегінше, бірлескен іс-шаралар нәтижесінде Алматы қаласында 8 келі синтетикалық зат – метамфетаминді алу кезінде Қазақстан азаматы ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

"Сот санкциясымен ұсталған азаматқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", – деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда ҰҚК мен Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) қызметкерлері ел өңірлерінде қылмыстық топтарға қарсы ауқымды арнайы операция жүргізген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: