Мемлекеттік органдар Жаңабыловтың курсын сатып алған: сотта айтылған тұжырым

Мемлекеттік органдар Жаңабыловтың курсын сатып алған: сотта айтылған тұжырым, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2025 16:41 Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2025 жылдың 5 қыркүйегінде Астанадағы Әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында блогер Ерболат Жаңабыловқа қатысты заңсыз лотерея ұйымдастыру дерегі бойынша іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жаңабылов сотқа блогер-әйелі және адвокаттарымен бірге келді. Сот отырысының басында судья Малика Ноғайбекова блогердің жұбайына жүгінді:

"Сіздің үстіңізден Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша хаттама толтырылған. Осыған байланысты, сіз істің нәтижесіне мүдделі болуыңыз мүмкін. Сондықтан, сот отырысынан шығуыңызды сұраймын", – деді судья.

Айыптау тарапы – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне қарасты Ойын бизнесі және лотерея қызметін реттеу комитеті – бұл істі қозғауға себеп болған дерекке тоқталды: бір азаматтың өтініші мен Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) жолдаған хаты негізінде әкімшілік хаттама толтырылған.

"Бізге Instagram парақшасында Жаңабылов мырзаның ұтыс ойындарын өткізіп жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Бұл заңсыз лотерея белгілерін қамтитын болғандықтан, шара қолдану сұралды. Осы сала бойынша уәкілетті орган – біздің комитет", – деді комитет өкілі.

Сондай-ақ, айыптаушы тараптың айтуынша, тамыздың 22-сі күні Ерболат Жаңабыловқа 25 тамызда уәкілетті органға келу қажеттігі туралы хабарлама жіберілген. Кездесуде ол түсініктеме беріп, жазбаша түсіндірме жазуы тиіс болған.

Судья Туризм және спорт министрлігіне қарасты комитет өкілдерінен байқаған заңбұзушылықтар қалай анықталғанын сұрады.

"Біз бақылау мақсатында курсты өзіміз сатып алдық. Курста Қытайдан тауар сатып алуға мүмкіндік беретін маркетплейстерді пайдалану әдістері жайлы 9 бейнеролик бар. Бұл видеолар – формальды, ашық дереккөздерде бар дүниелер. Кез келген сайттан табуға болады. Бұл курстардың сапалық құндылығы жоқ деп санаймыз. 30 мың теңге бағасы – тым жоғары, негізсіз", – деп жауап берді айыптау тарабы.

Олар сондай-ақ курс өткізетін спикерлердің сертификаттары мен дипломдарын тексеру қажет екенін айтты.

Кейін блогерлердің адвокаты Олег Чернов сотқа отырысты кейінге қалдыру туралы өтініш жасады:

"Менің және қорғауымдағы азаматтардың құқықтары бұзылды. Сондықтан прокурордың қатысуы қажет деп санаймын. Жаңабыловқа хаттаманың көшірмесі табысталмаған – бұл да құқықбұзушылық. Соттан прокурордың қатысуын қамтамасыз етуді және отырысты кейінге қалдыруды сұраймын", – деді ол.

Осыған байланысты судья сот отырысын 15 қыркүйек сағат 15:00-ге қалдырды.

Уәкілетті органдардың нұсқасы бойынша, Ерболат Жаңабылов Instagram-дағы "zhanabylov_e" аккаунты арқылы көлік, ақша және бағалы сыйлықтар ұтысын ұйымдастырған. Бұл әрекеттер заңсыз лотерея ретінде қарастырылған. Айта кету керек, қатысу үшін жазылушылар "Zhana Business" ЖШС ұсынған "оқыту курстарына" 30 мың теңге төлеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: