Астанада блогер Ерболат Жанәбіловке қатысты іс қаралады

Ерболат Жаңабылов, блогер, Астана, сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2025 19:54 Сурет: Instagram/elt6i и zhanabylov_e
Астанадағы Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Zakon.kz сайтына ертең, 2025 жылдың 5 қыркүйегінде блогер Ерболат Жанәбіловке қатысты істі қарайтындарын растады.

Уәкілетті органдардың мәліметінше, ол Instagram-дағы zhanabylov_e аккаунты арқылы заңсыз лотерея ретінде танылған автомобильдер, ақша және бағалы сыйлықтарды ұтысқа тігіп, ойын ойнатқан. Оған қатысу үшін әр адам "Zhana Busunes" ЖШС-ның "оқу дәрістеріне" деп 30 000 теңгеден ақша аударған.

Бұған дейін хабарланғандай: zhanabylov_e және elt6i аккаунттары арқылы танымал блогерлерге қатысты жанжал (Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова) өз жалғасын табуда. Олардың бірі сотқа тартылды.

Туризм және спорт министрлігінің (МТС) баспасөз қызметі бұл жайтқа қатысты былай түсініктеме берді:

"2025 жылғы 26 тамызда Е. Н. Жанәбіловке қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды (лотерея операторы болып табылмайтын тұлғаның лотерея ойынын өткізуі) және оның адвокатының өтініші бойынша іс қарау үшін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді".

Эльмира Төлегеноваға келетін болсақ, оның әрекеттері тексерілді.

2025 жылы 24 тамызда Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитеті әлеуметтік желіде бағалы сыйлықтар ұтысын өткізетін жоғарыда аталған блогерлердің лотерея қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеруді бастағаны белгілі болды.

Блогерлердің өтірігі қазақстандықтардың ашуын туғызған. Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова өздерінің жазбасымен бөліскен адамдар арасында 10 көлік ойнатуға уәде берген. Кейін олар 30 мың теңге тұратын Zhana business дәрісінің сілтемесін жариялайды. Сөйтіп олар осы дәрісті сатып алғандар арасында 10 көлік ойнайтылатынын айтады.

Анықтама. Лотерея операторы болып табылмайтын тұлғаның лотерея өткізгені үшін жеке тұлғаларға 100 АЕК (393 200 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 300 АЕК (1 179 600 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне 500 АЕК (1 966 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соқтыруы мүмкін.  

Бұған дейін Ақтөбеде 31 жастағы рэпер ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: