Алтай ауданында жоғалған балықшылар дронның көмегімен табылды

Балықшылар, Алтай ауданы, жоғалу, дрон, табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2025 19:51 Сурет: ҚР ТЖМ
ШҚО ТЖД-ның 112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет пультіне бес ер адамның балық аулау үшін Алтай ауданына шығып, белгіленген уақытта үйлеріне оралмағаны туралы туыстарынан қоңырау келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі 2025 жылы 5 қыркүйекте хабарлады:

"Оқиға орнына дереу ТЖМ құтқарушыларының жедел тобы жіберілді. Іздеу-құтқару жұмыстары күрделі жер бедері мен өтуі қиын аймақтарда жүргізілді. Іздеуге ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар), жүзу құралдары және жаяу іздеу топтары жұмылдырылды. Балықшылардың көлігі дронның көмегімен табылды. Тексеру барысында ер адамдар мінген көліктің бензині таусылып, ауа райының қолайсыздығына байланысты жақын елді мекенге жете алмағаны анықталды. Олармен байланыс болмаған. Құтқару операциясы сәтті аяқталды. ТЖМ құтқарушылары бес балықшыны қайықпен қауіпсіз жерге жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ".

ТЖМ елдімекендерден тыс жерлерге (балық аулау, аңшылық, туристік сапарлар) шыққанда мыналарды ескеру қажеттігін айтады:

  • ауа райы болжамын мұқият қадағалаңыз;
  • маршрутты алдын ала жоспарлап, оны туыстарыңызға немесе 112 қызметіне хабарлаңыз;
  • жанар-жағармай, су, азық-түлік және дәрі-дәрмек қорын алыңыз;
  • байланыс және қауіпсіздік құралдарын ұмытпаңыз.

Бұған дейін полицейлер дропперлердің құрбаны болған талдықорғандық тұрғынға көмектескенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: