Ақтөбе облысында айдаладан қоңырау шалып, көмек сұраған малшы аман-есен табылды

Малшы, Ақтөбе облысы, көмек сұрау, табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2025 19:43 Сурет: polisia.kz
Бүгін, 2025 жылы 24 ақпанда Ақтөбе облысында 112 пультіне жылқы іздеуге жаяу шығып, өзін нашар сезінген ер адамнан қоңырау келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Байғанин ауданының Кенжалы станциясынан үш шақырым жерде қалып кеткен 1991 жылы туған ер адам құтқарушылар көмек сұраған.

"Іздестіруге ТЖМ барлық күштері мен құралдары жіберілді. Бір сағаттан кейін ер адам Қарауылкелді ауылынан 36 шақырым жерде табылды. Құтқарылған адам жедел жәрдем көлігіне тапсырылды", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Бұған дейін Ақтөбе облысында осымен үшінші күн боран соғып, айналаны ақ түтек басқаны хабарланған. Қолайсыз ауа райына байланысты мыңға жуық көлік қар құрсауында қалып кете жаздаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: