Түркістан облысында тауда адасып кеткен бес қыз аман-есен табылды

Құтқару, Түркістан облысы, тау, Сайрамсу шыңы, жоғалған бес қыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2025 17:36 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Бүгін, 2025 жылы 16 мамырда Түркістан облысы ТЖД-нің 112 пультіне Төлеби ауданындағы "Сайрамсу" шыңынан түскен кезде бес бойжеткеннің адасып кеткені туралы ақпарат келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар 60 шақырым қашықтықты жүріп өтіп, Қасқасу ауылынан 8 шақырым қашықтықта адасқан қыздарды тауып алып, оларды таудан Сайрам-Өгем ұлттық паркінің аумағына аман-есен түсірді.

"Медициналық көмекті қажет етпеген туристер құтқарушыларға алғыс білдірді. ТЖМ тауға шыққан кезде маршрутыңызды зерттеп, жақындарыңызға хабарлап, ауа-райы болжамын тексеріп, байланыс құралдарын өзіңізбен бірге алудың қажеттігін еске салады", делінген хабарламада.

Бұған дейін ТЖМ Қазақстан бойынша аптап ыстыққа байланысты дабылды ескерту жариялаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: